jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Рамазан – 2026: ораза кестесі жарияланды (фото)

Астанадағы мешіт
Мешіт. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына арналған ораза кестесін жариялады, деп хабарлайды мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

"Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Осы орайда ҚМДБ еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Рамазан айының ораза кестесін ұсынды.

Астана қаласына арналған ораза кестесі
Астана қаласына арналған ораза кестесі. Фото: ҚМДБ

Алматы қаласына арналған ораза кестесі
Алматы қаласына арналған ораза кестесі. Фото: ҚМДБ

Шымкент қаласына арналған ораза кестесі
Шымкент қаласына арналған ораза кестесі. Фото: ҚМДБ

Қалған қалалар мен елді мекендерге арналған ораза кестесін мына сілтеме арқылы өтіп жүктеп ала алсыз.

Рамазан – 2026: ораза кестесі жарияланды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.