jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты Қордай асуында қозғалыс шектелді

Тасжолдағы боран
Тасжолдағы боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Қолайсыз ауа райына байланысты Қордай асуында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық компанияның мәліметінше, Қазақстанның оңтүстік өңірінде қалыптасқан күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты Тараз – Алматы республикалық маңызы бар автожолының Қордай асуы учаскесінде қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылған.

Шектеу 2026 жылғы 11 ақпан сағат 15:00-ден бастап, үш күнге ( 11-13 ақпан аралығында) созылады.

Алдын ала болжам бойынша, қолайсыз ауа райы алдағы екі тәулік бойы сақталуы ықтимал.

Осыған орай "ҚазАвтоЖол" өкілдері жүргізушілерге аталған бағыт бойынша сапарды кейінге шегеруді, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты Қордай асуында қозғалыс шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.