jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тоқаев Дубайда топ жарған арнайы жасақ жауынгерлерін құттықтады (фото)

Топ жарған арнайы жасақ жауынгерлері
Топ жарған арнайы жасақ жауынгерлері. Фото: instagram.com/sgork_official

Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы жарыста топ жарған қазақстандық командаларды құттықтады, деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады.

Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті", - деп жазды Айбек Смадияров.

Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтқан.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген халықаралық турнирге Қазақстан атынан еліміздің күштік құрылымдарынан құралған бес команда қатысқан. Олар: Kazakhstan А, Kazakhstan B, Kazakhstan C, Kazakhstan D және Kazakhstan Tomiris әйелдер командасы.

Әр елден келген командалар бес күн бойы шеберлік, жылдамдық, тактикалық ойлау және үйлесімділік шеберліктері бойынша сынға түскен.

Барлық жарыс күнінің қорытындысы бойынша Kazakhstan С командасы турнирдің жеңімпазы атанса, Kazakhstan А командасы екінші орынды жеңіп алған.

Ал Kazakhstan B 8-орынға, Kazakhstan Tomiris 18-орынға, Kazakhstan D 20-орынға ие болған.

Тоқаев Дубайда топ жарған арнайы жасақ жауынгерлерін құттықтады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.