Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 миллионнан астам қаралым жинаған
Опубликовано:
Былтыр Түркістан облысында белгілі әнші Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталған болатын, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жобаға Қазақстанмен қатар Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысты. Олар өңірдің басты мәдени-туристік нысандарында түсірілім жүргізді. Әр елден келген өнерпаздарды халықаралық сарапшылар бағалайды. Voice Beyond Horizon – Димаш Құдайберген мен қытайлық Hunan Broadcasting System медиа холдингінің бірлескен жобасы.
Бұл бастамаға Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетіп отыр.
Қытайлық Hunan TV телеарнасының мәліметінше, Түркістан қаласында түсірілген халықаралық тележоба бір тәулікте 102 млн қаралым жинаған. Аталған бағдарлама – аймақтық спутниктік арналар арасында көш бастап, KuYun және Huanwang платформаларында да жоғары рейтингке шыққан.
Түсірілім аясында Түркістан облысының тарихи және туристік орындары көрсетілген. Түркістаннан басталған жоба Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында түсірілді, шешуші финал Астана қаласында өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2342709-turkistanda-tusirilgen-halyqaralyq-telezhoba-100-millionnan-astam-qaralym-zhinagan/