jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда бұрынғы "Жетісу" қонақүйі бұзылып жатыр: әкімдік себебін түсіндірді (фото)

Апатты деп танылған ғимарат
Апатты деп танылған ғимарат. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда бұрынғы "Жетісу" қонақүйі бұзылып жатыр. Қала әкімдігінің өкілдері бұған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық Мемлекеттік активтер басқармасының мәлімдеуінше, Гоголь көшесі, 45 мекенжайында орналасқан 1908 жылы салынған екі қабатты ғимарат тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілмеген және тарихи-мәдени мұра нысаны мәртебесіне ие болмаған.

"Әр жылдары бұл ғимаратта түрлі қалалық қызметтер орналасқан. Ал 2022 жылдан бастап техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты ғимарат іс жүзінде пайдаланылмаған.

2025 жылы жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы бойынша аталған нысан апатты деп танылып, қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталған. Осыған орай ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта құрылыс нысанын сүру жұмыстары аяқталуға жақын. Ал жер телімі мемлекеттік жер қорына берілді", - делінген әкімдік түсіндірмесінде.

Апатты деп танылған ғимарат
Апатты деп танылған ғимарат. Фото: Алматы әкімдігі

Апатты деп танылған ғимарат
Апатты деп танылған ғимарат. Фото: Алматы әкімдігі

Апатты деп танылған ғимарат
Апатты деп танылған ғимарат. Фото: Алматы әкімдігі

Апатты деп танылған ғимарат
Апатты деп танылған ғимарат. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда бұрынғы "Жетісу" қонақүйі бұзылып жатыр: әкімдік себебін түсіндірді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.