jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ҰҚК іс қозғады: Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы қызметінен кетті

Бекзат Оразов
Бекзат Оразов. Фото: instagram.com/pavlodar.rsk

Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұрынғы бастығы Бекзат Оразовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрынғы бастығы подполковник Бекзат Оразовқа қатысты облыстық ҰҚКД қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

"Қазақстан республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Қорытындысы бойынша подполковник Оразов қызметінен босатылды.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес және тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі өкілдері.

ҰҚК іс қозғады: Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы қызметінен кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.