Жамбыл облысында полицейлер боранды күні жолда қалған жүк көлігін жүргізетін жүкті әйелге көмек көрсетті
Опубликовано:
Жамбыл облысында қалың қар жауып, жолдың көрінуі шектелуі көлік қозғалысын едәуір қиындатты. Салдарынан аймақ автожолдарында шамамен 2200 жүк көлігі қар құрсауында қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ IIМ-ге сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты тәртіп сақшылары облыс бойынша жолдағы жағдайды тәулік бойы бақылап, жүргізушілерге көмек көрсетіп, көлік қозғалысын реттеуде.
Жуалы ауданы Күйік асуында полиция қызметкерлері қарлы боранға байланысты жолда қалған жүк көлігінің жүргізушісі Оксана Шевчукке көмек көрсетті. Көпбалалы ана қазіргі уақытта жүктіліктің сегізінші айында. Полицейлер оған ыстық шай беріп, тамақтандырған соң, жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
"Біз осы жолда екі күн бойы тұрдық. Полиция қызметкерлері көмек көрсетіп, жағдайды бақылауда ұстап, тәртіпті қадағалап отыр", - деді жүргізуші Асқар Мұсылманов.
Сонымен қатар полицейлер жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылауды жалғастырып, заң талаптарының орындалуын қадағалап отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2343072-zhambyl-oblysynda-politseiler-borandy-kuni-zholda-qalgan-zhuk-koligin-zhurgizetin-zhukti-aielge-komek-korsetti/