Бельгиядан Қазақстанға жеткізілген 19 тонна алмұрт кері қайтарылды
Опубликовано:
19 тонна алмұрт фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты Бельгияға кері қайтарылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Маңғыстау облысының Құрық портына Бельгия корольдігінен жалпы салмағы 19,2 тоннаны құрайтын карантинге жатқызылған өнім – алмұрт партиясы жеткізілген.
Құжатты тексеру барысында өнімнің Қазақстан аумағына мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде міндетті болып табылатын фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталған.
"Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы ел – Бельгияға кері қайтару туралы акт ресімделді", - делінген хабарламада.
ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін және ел аумағына карантиндік нысандардың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталғанын еске салады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2343099-19-tonna-almurt-quryq-portynan-belgiiaga-keri-qaitaryldy/