jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы құтқарушылары тұрғындарды тауда қар көшкіні қаупі жоғары екенін ескертті

Қар көшкіні
Қар көшкіні. Көрнекі фото: Алматы қаласы ТЖД ресми сайты

Алматы құтқарушылары қала тұрғындарын тауда қар көшкіні жүру қаупі жоғары екенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, Алматыда 13 ақпанда тұман, көктайғақ және тауда қар көшкіні күтіледі. Алматы облысының кейбір таулы аймақтарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына жолда абай болуға, сондай ақ тауға, алыс жолға шықпауға кеңес береміз. Көктайғақ кезінде сақтық шараларын сақтауды өтінеміз. Аяқ киімнің табаны жерге толық тиетіндей, асықпай жүріңіз, табаны таймайтын аяқ киім киіңіз, қолыңызды қалтаға салмаңыз – ол тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Подъезд маңында, аялдамаларда және басқа да тайғақ жерлерден айналып өтіңіз. Қарт адамдарға — арнайы резеңке ұшы бар таяқ қолдануға кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Одан бөлек құтқарушылар 2026 жылдың 13-16 ақпан аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қалың қар түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.

"Көшкін жүру қаупі жоғары болуына байланысты, қарлы беткейлерге шықпауыңызды сұраймыз", - дейді олар.

Алматы құтқарушылары тұрғындарды тауда қар көшкіні қаупі жоғары екенін ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.