jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

35 мың орын ашылады: Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы. Иллюстрациялық фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомстовның мәліметінше, Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ 20 рейс үшін үш қосымша пойызды жолға шығарды.

Сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді.

"Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

Қосымша пойыздар қозғалысы:

№201/202 "Алматы-2 – Астана-1"

  • Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
  • Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы – 6 рейс.

№204/203 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"

  • Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
  • Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы – 8 рейс.

№205/206 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"

  • Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
  • Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы – 6 рейс.

35 мың орын ашылады: Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.