Алматы - Астана рейсінің жолаушылары ауа райының жақсарғанын ұшақ салонында бес сағат күтіп отырған
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыдан Астанаға ұшып шығуға тиіс болған жолаушылар ұшақ салонында шамамен бес сағат қамалып отырған. Әуе компаниясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға туралы Telegram желісінде EGOV.PRESS арнасы жазды.
"Air Astana әуе компаниясының KC 991 рейсінің жолаушылары сағат 17:00-де отырғызылып, бес сағаттан астам уақыт салонда отырды. Жолаушылар тамақ не сусын берілмегенін айтады. Кейбіріне медициналық көмек қажет болған", - делінген жазбада.
Air Astana компаниясының NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, 12 ақпанда KC 991 Алматы - Астана рейсіне жолаушылар отырғызылған соң ұшақ сағат 17:50-де ұшуы керек болған.
Ауа райы жақсарғаннан кейін сағат 20:47-де ұшақты мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмыстары жүргізілді. Алайда ұшу-қону жолағына қарай бет алған кезде капитан техникалық ақауды байқап, ұшақ тұраққа қайта оралуға мәжбүр болды. Сағат 23:00-де жолаушылар қосалқы ұшақты күту үшін терминалға жіберіле бастады", - деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Ауа райы жақсарғаннан кейін – сағат 20:47-де ұшақты мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмыстары жүргізілді. Алайда ұшу-қону жолағына қарай бет алған кезде капитан техникалық ақауды байқап, ұшақты тұраққа қайта әкелуге мәжбүр болды. Сағат 23:00-де жолаушылар қосалқы ұшақты күту үшін терминалға жіберіле бастады", - деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ терминалда жолаушылар қайта тамақ беруді сұраған, бірақ ұшуға дейінгі уақыттың шектеулі болуына және технологиялық тағам дайындығы цикліне (шамамен екі сағат) байланысты ыстық тамақ беру мүмкін болмаған.
"Шамамен 40 адам ұшудан бас тартты, нәтижесінде бортта артық сэндвич жиналып қалды. Бұл ақпарат қосалқы рейс экипажына жеткізілді, олар жолаушылардың өтініші бойынша қосымша сэндвич таратты. Қосалқы ұшақ таңғы сағат 2:12-де ұшып шықты", - деді әуе компаниясы өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз