eGov Mobile қосымшасында тағы бір қызмет іске қосылды
Опубликовано:
Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар енді әлеуметтік көмек алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады, деп хабарлайды "Электрондық үкіметке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін тұрғындар әлеуметтік көмек алу үшін тек eGov.kz порталы арқылы өтініш бере алатын. Енді өтінішті тікелей смартфон арқылы рәсімдеуге болады.
"Қызметтің мобильді форматқа көшуі мұндай көмекті алу процесін анағұрлым жеңіл әрі ыңғайлы етеді. Өтінішті кез келген уақытта және кез келген жерден беруге болады, ал рәсімдеу уақыты едәуір қысқарады.
Мәслихаттардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек қосымша қолдауға мұқтаж азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға, сондай-ақ табысы төмен отбасыларға көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Қызметті пайдалану үшін қолданушыға:
- eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, "eGov мемлекеттік қызметтер" – "Арнайы қызметтер" бөліміне өту;
- "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру;
- қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен өтінімді растау;
- "Қызметтер тарихы" бөлімінде өтініштің өңделу мәртебесі туралы хабарламамен танысу қажет.
Өтініш берілгеннен кейін оны уәкілетті орган қарайды. Шешім отбасының табыс деңгейін және белгіленген өзге де өлшемдерді ескере отырып қабылданады. Өтінішті қарау мерзімі – 8 жұмыс күніне дейін. Қызмет тегін көрсетіледі.
Жауап ретінде әлеуметтік көмектің тағайындалғаны немесе өтініштің қабылданбағаны туралы хабарлама жіберіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2343186-egov-mobile-qosymshasynda-tagy-bir-qyzmet-iske-qosyldy/