Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
Опубликовано:
Алматыда қолданыстағы "Бауыржан Момышұлы" метро бекеті мен жаңа "Қалқаман" бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң жақ бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр. Сол жақ бағыттағы тоннель толық дайын: онда рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желі монтаждалған.
Сонымен қатар "Қалқаман" бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пойыз қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесін қоса алғанда, әлемдік жетекші өндірушілердің жабдықтары жеткізілген. Жақын арада оларды орнату және баптау кезеңі басталады.
Қала басшылығы қойған міндетке сәйкес нысан құрылысы тәулік бойы жүргізілуде. Нормативтік мерзім 24 ай болғанына қарамастан, бекеттің негізгі құрылысы шамамен 11 ай ішінде жүзеге асырылған.
Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл бірінші жартыжылдықтың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2343240-almatyda-metronyng-zhanga-beketine-deiingi-tonnel-qazu-zhumystary-aiaqtaldy/