jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Ақ билет": Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтен босатуға қатысты мәлімдеме жасады

Сапта тұрған әскери қызметші
Әскери қызметші. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрлігі әскерден алып қалуға уәде беретін жарнамаларға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде "әскерден қалдыру" немесе "ақ билет" алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы таралып жатыр.

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы қабылдайтынын еске салды.

"Әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, шақырылушылардың өздері үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы "мәселені шешіп беруге" кепілдік береміз деп, азаматтарды жаңылыстыратын "әскери комиссариаттардың көмекшілерінің" айла-шарғыларына алданбауға шақырады", - делінген мәлімдемеде.

Министрлік өкілдері азаматтарды мерзімді қызметке шақыру Қазақстан Республикасы президентінің жарлықтары мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілетінін атап өтті. Оны ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдар жауапты, ал шақырылушылардың тізімін қалыптастыру және шақыру қағаздарын табыстауды жергілікті әскери басқару органдары қамтамасыз етеді.

"Азаматтар шақыру комиссиясының шақыру қағазы бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келуге міндетті. Оны жеке табыстау мүмкін болмаған жағдайда азаматтардың келуін ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.

Медициналық тексеруді жергілікті денсаулық сақтау органдарының мамандары өткізеді. Олар азаматтың әскери қызметке жарамдылық санатын анықтайды. Заңды негіздер болған жағдайда мерзімді әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату мүмкіндігі беріледі, ал басқа жағдайларда азаматтар мерзімді әскери қызметке жіберіледі", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Әскерге 18-ден 27 жасқа дейінгі, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ ер азаматтар шақырылады. Шақыру жылына екі рет – наурыздан маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі.

"Ақ билет": Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтен босатуға қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.