jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Демалыс күндері Қазақстанда қатты жауын-шашын, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі

Қар
Қар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер 14-16 ақпан аралығында ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеоролотардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклоны ығыса бастайды. Ол шығыс бағытта жылжи отырып, жауын-шашынға (жаңбыр, қар) боранға, сондай-ақ бүкіл ел бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына себеп болады.

Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклондарының әсерінен жаңбыр, қар жауып, бүкіл кезең бойы тұрақсыз күн райы сақталады. 14-15 ақпанда бұл өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал.

Демалыс күндері Қазақстанда қатты жауын-шашын, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.