Оқу-ағарту министрлігі Тоқаевтың сөзінен кейін бюджет шығындарын үнемдеуге қатысты жоспарын жариялады
Опубликовано:
Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын үнемдеу мақсатында есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылатынын мәлімдеді. Бұған дейін президент шенеуніктерге тиімсіз шығындарды қысқартуды тапсырған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Министрліктің мәліметінше, президенттің үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасынан кейін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен кездесу өткізген.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, министрлік шығындарды азайтуға кірісті.
Ендігі кезекте білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға бағытталады. Соның аясында, есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады.
Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, тек білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады", - деп хабарлады министрліктен.
Естеріңізге сала кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында президент мемлекеттің тиімсіз шығындарын қысқарту үшін қолданыстағы бюджет бағдарламаларын бастан-аяқ қайта қарау қажет екенін мәлімдеген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2343288-oqu-agartu-ministrligi-toqaevtyng-sozinnen-keiin-biudzhet-shygyndaryn-unemdeuge-qatysty-zhosparyn-zhariialady/