Wildberries Қазақстанда маркетплейстегі саудаларға бөліп төлеу мүмкіндігін іске қосты
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстанда Wildberries маркетплейсі тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алу қызметін іске қосты. Мұндай шешім еліміздегі ірі қаржы ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеудің арқасында жүзеге асырылып отыр.
Бұл тапсырыс сомасын кесте бойынша 3 немесе 6 ай ішінде бірдей сомада бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Төлемді бөліп төлеу қызметін тапсырыс рәсімдеу кезінде мобильді қосымша арқылы таңдауға болады. Бөліп төлеу арқылы құны 10 000 теңгеден басталатын тауарларды сатып алуға болады.
Сатып алушыға бірнеше серіктес ұсынған бөліп төлеу нұсқалары ұсынылады және ол шарттармен, оның ішінде комиссия көлемімен танысып, өзіне ыңғайлы болатын нұсқаны таңдай алады. Егер сатып алушы тауардан бас тартса, бөліп төлеу қызметі де автоматты түрде жойылады.
Платформаға тауарларды сатып алуға арналған жаңа қызметтердің енгізілуі сатып алушылардың пайдаланушы ретіндегі тәжірибесін арттырып қана қоймайды, сондай-ақ сатушылар бизнесінің өсуіне де қарқын береді. Бөліп төлеу конверсия мен орташа чекті арттыра отырып, сатылымдар көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді. Тәуелсіз зерттеулер деректеріне сай, бөліп төлеуді іске қосу орташа чек сомасын 11–25%-ға арттырады. Айта кететін маңызды жайт, бөліп төлеу сатушыларға әсер етпейді: оларға тауар ақысы бірден төленгендегі секілді толықтай және белгіленген мерзімдерде түседі.
Жақын арада Қазақстанда Wildberries платформасында, сондай-ақ ислам банкингі ережелері бойынша серіктестік бөліп төлеу қызметі де қолжетімді болмақ.
"Пайдаланушыларға арнап біз заманауи және әр адамға жеке-жеке шопинг-тәжірибе жасап жатырмыз. Бұл стратегия аясында біз жаңа қаржы қызметтерін іске қосуды жалғастырамыз: енді несие өнімдерінен бөлек біздің платформада Қазақстанда бөліп төлеу де қолжетімді. Мұндай қадам сатып алушылар сұранысын қанағаттандырып, оларға икемді төлем құралдарын ұсынады және сатушыларымыздың бизнесін өркендетуге септігін тигізеді", - деп пікір білдірді Қазақстандағы Wildberries-тің директоры Виктор Никифоров.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2343307-wildberries-qazaqstanda-marketpleistegi-saudalarga-bolip-toleu-mumkindigin-iske-qosty/