jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Түркістан облысында Созақ ауданы алғаш рет табиғи газға қосылып, тұрғындар "көгілдір отынмен" қамтылды

Торжественное событие в сельском районе Шолаккорган
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданына барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газбен жабдықтау желілерін іске қосу салтанатына қатысты. Облыс басшысы аудан тұрғындарын тарихи оқиғамен құттықтап, бұл күннің айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Өйткені тарихта тұңғыш рет Созақ ауданына табиғи газ беріліп отыр.

"Бүгін Сіздермен қарт Қаратаудың баурайындағы Созақ ауданында тарихи сәтте жолығып тұрмыз. Тарихи дейтін себебіміз – Шолаққорған ауылында табиғи газбен жабдықтау желілері іске қосылып, осындағы елдің арманы орындалып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың өмір сүру сапасын арттырып, ауылдық елдімекендерді әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылып келеді.

Газбен қамту бойынша 2025 жылы облысымызда 87 нысанның құрылысы қолға алынды. Соның ішінде 45 жобаның құрылысы аяқталып, 70 мың халқы бар 41 елдімекен табиғи газбен қамтылды. Өткен жыл қорытындысына сәйкес, 606 елдімекен газбен қамтылып, 1,9 миллионнан астам тұрғын "көгілдір отынның" игілігін көрді. Бүгін іске қосылған жоба – сол жұмыстардың нақты нәтижесі. Созақтағы АГТС-ы бар магистральды газ құбырының маңызы айрықша. Себебі бұған дейін облысымыздың барлық аудан, қаласы газбен қамтылса, тек Созақта ғана бұл мәселе шешілмеген еді. Мінеки, игілікті іс осында да жалғасты. Енді Созақ тұрғындары да газдың игілігін көріп, тұрмыс сапасын жақсартады. Сонымен бірге экологияны жақсартуға, инвестиция тартып, кәсіпкерлікті дамытуға жол ашылады", – деді Нұралхан Көшеров.

Подключение труб
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Созақтықтар игі бастамаға мұрындық болып, жүзеге асырған облыс, аудан әкімдеріне, QazaqGaz АҚ-на ризашылықтарын білдірді.

Торжественное событие в сельском районе Шолаккорган
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты шара барысында Шолаққорған ауылдық округіндегі табиғи газ желілері ресми түрде іске қосылып, тұрғын үйде газ жағу рәсімі өткізілді. Жобаның жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайды. Құрылыс мерзімі 2019 жылы басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Жобаның қуаттылығы – 30 000 м³/сағат. Аталған жоба толық іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылдық округіндегі 4600 тұрғын үй табиғи газбен қамтылады.

Завод в Туркестанской области
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл халықтың тұрмыс сапасын арттырып, экологиялық жағдайды жақсартуға және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына оң әсерін тигізеді. Аталған АГТС арқылы ауданның қалған елдімекендері де газбен қамтылады.

Торжественное событие в сельском районе Шолаккорган
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында Созақ ауданы алғаш рет табиғи газға қосылып, тұрғындар "көгілдір отынмен" қамтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.