Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ және жауын-шашынға байланысты ескерту жарияланды
Опубликовано:
Қазақстанның кей өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, тұман түсіп, көктайғақ, жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
15 ақпанда Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп болжанады.
Ертең түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз желдің жылдамдығы облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
15 ақпанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с болады.
15 ақпанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады.
15 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
15 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ертең түнде және таңертең Абай облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
15 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа ауысып соғады.
15 ақпанда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады.
15 ақпанда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады.
15 ақпанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2343672-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-tuman-koktaigaq-zhane-zhauyn-shashynga-bailanysty-eskertu-zhariialandy/