jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жоспарлы тексеру: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Әскери техника
Әскери техника. Иллюстрациялық фото: govkz

Қарулы Күштердегі жоспарлы тексеруге байланысты Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, қорғаныс министрі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді.

"Осыған орай 16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады.

Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Жоспарлы тексеру: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.