jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Шымбұлақ маңында сноуборд тепкен адам қар көшкінінің астында қалды (видео)

қар көшкіні астында қалған адамды іздеу
Қар көшкіні астында қалған адамды іздеу жұмыстары. Видеодан кадр: instagram.com/shymbulakmountainresort

Шымбұлақта сноубордшы қар көшкінінің астында қалды. Курорт құтқарушылары оқиға орнына шұғыл жетіп, адам өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шымбұлақ" тау курорты өкілдерінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше курорт аумағынан тыс, "Чимбулачка" өзені маңында болған. Екі сноубордшы сырғанауға шыққан. Олардың қателігінен қар көшкіні жүріп, біреуі қалың қар астында қалған.

"Санаулы секундтар ішінде райдердің бірі қалың қар астында қалды. Тыныс алуға да, өз бетімен шығуға еш мүмкіндік болмады.

Екінші райдер абдырап қалмай, бірден курорттың аспалы жол операторына хабар берген. Ақпарат дереу курорттың Жедел әрекет ету орталығына жеткізілді.

Ski Patrol Shymbulak құтқарушылары оқиға орнына шұғыл аттанды. Әр минут маңызды болды. Іздеу, қарды аршу жұмыстары жүргізілді. Қуанышқа орай, адам өмірін сақтап қала алдық", - дейді курорт өкілдері.

Құтқарушылар қар көшкінінен сақ болуға шықарды.

"Құрметті райдерле! Фрирайд – еркіндік, адреналин және әсем көрініс. Сонымен қата ол – үлкен жауапкершілік. Дайындалған жолдардан тыс аймаққа шығар алдында ескерту белгілерін елеп, қар көшкіні қаупін мұқият бағалаңыздар. Сақ болыңыздар", - делінген хабарламада.

Шымбұлақ маңында сноуборд тепкен адам қар көшкінінің астында қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.