Еліміздің екі ірі қаласында жүргізушісіз такси сынақтан өткізіле бастайды
Опубликовано:
Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіле бастайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, қалада мобильдік пен логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
Атап айтқанда Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосу жоспарлануда.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, ұзақ мерзімді жоспар бойынша бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2344020-elimizding-eki-iri-qalasynda-zhurgizushisiz-taksi-synaqtan-otkizile-bastaidy/