jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында қауіпсіздік шарасы күшейтілді

Түркістандағы Ясауи кесенесі
Түркістандағы Ясауи кесенесі. Фото: pixabay.com

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағы қоршалды. Аумаққа кіреберіске арнайы турникеттер қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағы қоршалып, аумаққа кіру 15 ақпаннан бастап арнайы турникеттер арқылы жүзеге асырылуда.

"Бұл аса маңызды істің мақсаты – бүкіл түркі әлемінің рухани ордасы, мемлекетіміздің мақтанышы, ұлт руханиятының ұстыны саналатын киелі кесененің сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік деңгейін арттыру және террористік сипаттағы ықтималды төмендету, сонымен қатар, келушілер қозғалысын реттеп, аумақта жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен бақылауын күшейту", - делінген "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі жариялаған хабарландыруда.

Кесенеге келушілер жеке құжаттарын көрсетіп, билет алып, қауіпсіздік құралдары арқылы тексерілген соң ғана аумаққа кіре алады.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында қауіпсіздік шарасы күшейтілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.