Алматыдағы ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді (видео)
Опубликовано:
Алматыдағы ботаникалық бақта бәйшешек жаппай бүр жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматыдағы бас ботаникалық бақ аумағында галантус гүлдеді. Бұл нәзік, ақ түсті гүлдер көбінесе наурызда атады. Оны бәйшешек деп те атайды. Бәйшешек – көктемнің келе жатқанынан хабар береді.
"Осы маусымда ең алғашқы гүлдерді біз қаңтар айында байқасақ, жаппай гүлдеу тек қазір, ақпанның ортасында басталды", - дейді бақ мамандары.
Ботаникалық бақ өкілдері галантустардың өте нәзік екенін еске салып, олар өседі деген көгалдар мен шабындықтарды таптамауға, оларды жұлмауға шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2344131-almatydagy-botanikalyq-baqta-baisheshek-guldedi-video/