jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Отандық маман: Адвокатураны қолдау – азаматтың құқығын қорғау

Сот
Сот. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адвокатура саласының мәртебесін Конституция деңгейінде бекіту – адвокаттар қауымдастығы тарабынан көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Бұл туралы Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Ақмарал Палмаханова айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Еліміздегі конституциялық реформаның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Сондай-ақ саяси жүйені демократияландыруға, қоғамның шешім қабылдау ісіне қатысу мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Осы орайда қазіргі Ата заңда субъект ретінде мемлекет қарастырылса, жаңа жобада азаматтардың құқықтары кеңейтілген, оның ішінде ерлі-зайыптылардың теңдігі, Миранда ережесін сақтау, адвокатура мәртебесін Конституция деңгейінде бекіту, тараптарды теңдестіру қарастырылған", - дейді маман.

Оның айтуынша, жаңа Ата заң жобасындағы өз саласына қатысты өзгерістер – жай ғана норма емес, ол адвокаттың құқықтық мемлекеттегі рөлін мойындау, оның тәуелсіздігі мен кәсіби қызметіне берілетін кепілдіктерді күшейту. Ең бастысы бұл тек адвокаттар үшін ғана емес, қоғам үшін қажет.

Ақмарал Палмаханова мықты әрі тәуелсіз адвокатура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты қорғалуына жол ашатынын, сондай-ақ сот жүйесіне деген сенімін арттыратынын айтты.

"Жуырда Конституциялық комиссия отырыстарында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы М.Мырзағараев бұл ұсыныстың маңызын тағы да атап өтті. Бұл алқаның ұсынысы адвокаттардың ғана емес, ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Ал Конституция – елдің болашағын айқындайтын негізгі құжат. Ең бастысы бұл қадам құқықтық мемлекет құру жолындағы нақты ілгерілеу деп түсіненмін", - дейді ол.

А.Палмаханованың айтуынша, адвокат – жай ғана заңгер емес, ол мемлекеттегі азаматтың құқығын қорғайтын әрі әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды тұлға.

"Сондықтан жаңа Конституция жобасына адвокатура мен адвокаттық қызметке арналған жеке баптың енгізілуі – тарихи әрі көптен күткен қадам. Ал адвокаттардың құқықтық мемлекеттегі рөлін мойындау – олардың тәуелсіздігін күшейту мен азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан біз бұл норманың жобада болуын толық қолдаймыз, себебі адвокатураны қолдау – азаматты қолдаумен тең", - деді сарапшы.

Отандық маман: Адвокатураны қолдау – азаматтың құқығын қорғау

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.