jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ТЖМ Қазақстан тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті

тау
Тау. Иллюстрациялық фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтардағы қар көшкіні қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның мәліметінше, қазіргі уақытта Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында қар жамылғысының биіктігі негізінен қалыпты деңгейден жоғары.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес 2026 жылғы 19-20 ақпанда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің тауларында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының тауларында қар жамылғысының биіктігі орта есеппен қалыпты деңгейде. 19 ақпанда күннің жылынуына байланысты жауын-шашын, кей жерлерде қалың қар және боран күтіледі. 20 ақпанда ауа температурасының күрт төмендеуі болжанып отыр.

"Еліміздің осы өңірлерінде күннің жылынуы, қар жаууы, жауын-шашын, боран және ауа температурасының ауытқы таулардағы қар жамылғысының тұрақсыздығына себеп болады, ал алдағы күндері қар көшкіні өздігінен жүру ықтималдығы жоғары", - деп ескертеді ТЖМ өккілдері.

ТЖМ көшкін туралы ескерту жарияланған кезеңде таулы аймақтарға бармауға, тауға шығу алдында ауа райы болжамымен танысуға және алдын ала маршрутты жоспарлауға, дайындалмаған жерлерде қозғалыс жасамауға, белгіленген жолдарды ұстануға, қар көшкіні жүруі мүмкін қауіпті учаскелер туралы кейінгі шыққан ақпаратты алу мен қауіпті беткейлерден аулақ болуға кеңес береді. 

Көп қар жауған жағдайда тауға шығуды қар қалыңдығы тұрақталғанға дейін 2-3 күнге шегеру ұсынылады.

ТЖМ Қазақстан тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.