jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

FlyArystan әуекомпаниясының басшысы ауысты

FlyArystan ұшағы
FlyArystan ұшағы. Иллюстрациялық фото: FlyArystan

Air Astana FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясының президенті лауазымына Йохан Эйдхагеннің тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әуекомпаниясының мәліметінше, жаңа басшы 2026 жылғы 1 наурыздан бастап қызметіне кіріседі.

Йохан Эйдхаген FlyArystan-ға Wizz Air әуекомпаниясынан ауысып отыр. Онда ол бірқатар басшылық қызмет атқарған, кейінгі кезде Абу-Даби қаласында Wizz Air компаниясының басқарушы директоры болған.

Wizz Air құрамында Йохан Эйдхаген кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сондай-ақ маркетинг бойынша атқарушы директор лауазымдарын да иеленген.Wizz Air-ге келгенге дейін шамамен 15 жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елдерде басшылық қызметтерде еңбек еткен.

Йохан Эйдхаген жаңа қызметінде Ричард Леджерді алмастырды. Ричард Леджер Air Astana компаниялар тобының серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалады.

FlyArystan әуекомпаниясының басшысы ауысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.