jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

13,6 млрд теңге бөлінеді: Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары қашан аяқталады

Төле би көшесін ұзарту жобасы
Төле би көшесін ұзарту жобасы. Фото: Алматы әкімдігі

2026 жылы Төле би көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған жобаны жүзеге асыруға 13,6 млрд теңге қарастырылған.

Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, Төле би көшесін ұзарту ауданаралық көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Саин және Оңғарсынова көшелерін ұзарту жұмыстарын аяқтауға да қаржы бөлу көзделген.

Бауыржан Құдайбергенов қосымша 1,3 млрд теңге Алатау ауданындағы Ғажайып және Алғабас шағынаудандарында салынып жатқан жаңа мектептерге апаратын жолдың құрылысына жұмсалатынын жеткізді.

13,6 млрд теңге бөлінеді: Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары қашан аяқталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.