jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыдағы ең ірі саябақтың бір бөлігі уақытша жабылады

Тұңғыш президент саябағы
Тұңғыш президент саябағы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда ең ірі әрі адам ең көп баратын жердің бірі – Тұңғыш президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Бұл туралы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, саябақ 2010 жылы ашылғаннан бері аумақта күрделі жаңғырту жүргізілмеген. Қазіргі таңда инфрақұрылымның бір бөлігі заманауи жайлылық пен функционалдық талаптарға сай жүйелі жаңартуды қажет етеді.

Тұңғыш президент саябағы
Тұңғыш президент саябағы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Саябақ Бостандық ауданында, әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің бойында, Іле Алатауының баурайында орналасқан. Жалпы аумағы шамамен 62,4 гектар. Кеңістікте орталық аллея, субұрқақтар кешені, амфитеатр, серуен аймақтары мен веложолдар, сондай-ақ тауға панорамалық көрініс ашылатын демалыс орындары бар.

Қайта жаңғырту барысында табиғи ортаны сақтау, жасыл желек қорын дамыту және келушілердің барлық санаты үшін қолайлы инфрақұрылым құруға басымдық беріледі. Жоба аясында кіреберіс аймағы жаңартылып, жүргіншілер бағыты көріктендіріледі, демалыс орындары жаңарып, жаңа функционалдық кеңістіктер жасақталады.

Алматы
Саябақ. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңғырту ісіне британдық ландшафт сәулетшілері және ел мамандары тартылады. Саябақты көркейтудің үздік халықаралық тәжірибесі негізге алынады. Басты мақсат табиғат, сәулет және заманауи демалыс, қарым-қатынас пен қалалық іс-шараларға арналған мүмкіндіктер үйлесім тапқан саябақ қалыптастыру.

Құрылыс жұмыстары бүкіл аумақты толық жаппай, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алғашқы кезеңде негізгі жұмыстар басталатын саябақтың оңтүстік бөлігі уақытша жабылады. Ал орталық бөліктен кіреберіс аркаға дейінгі аумақ келушілер үшін ашық әрі қолжетімді болып қалады.

Бірінші кезең аяқталған соң жаңартылған бөлік қайта ашылып, жұмыс келесі аумақта жалғасады. Осылайша қайта жаңғырту барысына қарай саябақтың жекелеген аймақтары кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.

Жобаны іске асыру аумақтың бірегей табиғи әлеуетін сақтауға және жоғары сапалы қалалық орта стандарттарына сай заманауи қоғамдық кеңістік құруға мүмкіндік береді.

Алматыдағы ең ірі саябақтың бір бөлігі уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.