jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

АШМ сиыр еті экспортына қатысты тараған қауесеттерге жауап берді

сиыр еті
Сиыр еті. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін экспорттауға қатысты таралған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, кейбір БАҚ-та тараған сиыр етін экспорттауға арналған сыртқы нарықтар жабылды деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Сыртқы сауда саласында шектеу шараларын енгізу туралы шешімдер жеке дара қабылданбайды.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай шешімдер бірнеше мемлекеттік органнан тұратын Ведомствоаралық комиссияның құзыретіне жатады. Оның құрамына Сауда және интеграция министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы кіреді.

Осылайша, экспорттық тәртіпті енгізу немесе өзгерту жөніндегі шешімдер комиссия мүшелерінің ұсыныстары мен жағдайды жан-жақты талдау негізінде бірлесіп қабылданады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік былтыр 29 тамызда ведомствоаралық комиссия шешімімен сиыр етін экспорттауға тыйым салу емес, керісінше 2025 жылдың соңына дейін 13 мың тонна көлемінде квота белгілеу тетігі енгізілгенін еске салды. 2025 жылғы 18 желтоқсанда комиссия шешімімен квоталау 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін ұзартылған (20 мың тонна көлемінде).

"Осыған байланысты экспортқа "тыйым салынды" деген тұжырымдар шындыққа сәйкес келмейді және нақты жағдайды толық көрсетпейтіні анық.

Қазіргі таңда бірқатар кәсіпорынның экспорттық нарықтарға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі квоталарды бөлу тетігін қайта қарау арқылы экспорттаушылар қатарын кеңейту қажеттігі жөнінде ұсыныстар енгізді", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарында көзделген қаржыландыру құралдары іске асырылған сайын қолданыстағы шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау жоспарланып отыр. Бұл өндірістік қуатты арттыруға, саланың экспорттық әлеуетін кеңейтуге және ішкі нарық пен сыртқы жеткізілімдер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

АШМ сиыр еті экспортына қатысты тараған қауесеттерге жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.