Алматыда сирена қосылады: ТЖД өкілдері себебін түсіндірді
Опубликовано:
Ертең, 25 ақпанда Алматыда республикалық оқу-жаттығу өтеді, соған байланысты халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 ақпан сағат 11:00-де Алматы қаласында "Баршаның назарына!" сигналы беріледі – қалада қысқа уақытқа сиреналар қосылады. Сондай-ақ тексеру хабарламасын тарату үшін теле және радиоарналар уақытша тоқтатылып, хабарландыру жүйесі іске қосылады.
"Сабыр сақтауды сұраймыз, бұл – оқу-жаттығу тексерісі. "Баршаның назарына!" дыбыстық сигналы төтенше жағдай қаупі туындағанда немесе орын алған кезде шұғыл хабарламалар алдында халықтың назарын аудару үшін беріледі", - делінген хабарламада.
Алматылықтарға сигналды естіген жағдайда не істеу керек екені түсіндірілді:
- теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосу;
- ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларды тексеру;
- берілетін ақпаратпен және әрі қарайғы нұсқаулықтармен мұқият танысу қажет.
Құлақтандыру жүйесі 25-26 ақпанда Алматыда "Көктем – 2026" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына байланысты іске қосылатыны хабарланды.
Оқу-жаттығу аясында қала аудандарында өзен арналары мен арық жүйелерін тазарту бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2346960-almatyda-sirena-qosylady-tzhd-okilderi-sebebin-tusindirdi/