jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркістандағы ботаникалық бақта қызғалдақтар бүр жарды (фото)

қызғалдақ
Қызғалдақ. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің "Ботаникалық бақ" ғылыми-зерттеу институтында қызғалдақтар бүр жарды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Биыл ботаникалық бақтың жылыжайында қызғалдақтың 7 түрлі сұрыпынан 7000 дана пиязшық отырғызылған.

қызғалдақтарға қарап жүрген маман
Қызғалдақтарға қарап жүрген маман. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

"Биылғы маусымның ерекшелігі – бұған дейін қызғалдақтарды ғылыми зерттеу тобы өсіріп келген болса, осы жылы ботаникалық бақтың жұмысшы мамандары өсіріп шықты. Бұл ғылыми әзірлемелердің тәжірибелік деңгейде тиімді игерілгенін және технологиялардың тұрақты түрде өндірістік үдеріске енгізілгенін көрсетеді", - делінген хабарламада.

қызғалдақтарға қарап жүрген маман
Қызғалдақтарға қарап жүрген маман. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ботаникалық бақта өсірілген қызғалдақтар жыл сайын наурыз айындағы мерекелік іс-шаралар аясында университеттің ардагер оқытушылары мен серіктестеріне табысталады.

қызғалдақ
Қызғалдақ. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сонымен қатар ғылыми жоба нәтижелерін коммерцияландыру бағытында өнімді нарыққа шығару мүмкіндіктері қарастырылған.

қызғалдақ
Қызғалдақ. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

қызғалдақ
Қызғалдақ. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Университет ғалымдары қызғалдақ өсіру, жерсіндіру және селекциялау бағытындағы зерттеулерді кезең-кезеңімен жалғастырып, отандық гүл шаруашылығын дамытуға жүйелі түрде үлес қосуды көздейді.

Түркістандағы ботаникалық бақта қызғалдақтар бүр жарды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.