Оқушылардың көктемгі каникулы қашан басталады
Опубликовано:
Читать на русском
Бірнеше аптадан кейін Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсан аяқталады. Оқушылар оқу жылындағы ең ұзақ каникулға шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік бекіткен 2025-2026 оқу жылына арналған оқу және демалыс кестесіне сәйкес, Қазақстанда үшінші тоқсан 8 қаңтарда басталды және 10 аптаға созылады.
Оқушылардың көктемгі каникулы 19 наурызда басталады. Бұған дейінгі каникулдар 7 және 10 күнге созылса, наурызда оқушылар 11 күн демалады. Балалар 30 наурызда мектепке оралады.
Төртінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар. Оқу жылы 25 мамырда аяқталады.
Айта кетейік, жақында бірінші сынып оқушыларына қосымша демалыс берілді. Олар 9-15 ақпан аралығында демалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2347031-oqushylardyng-koktemgi-kanikuly-qashan-bastalady/