БҚО-да жеке үйдегі еденнің астынан 16 жылан шықты
Опубликовано:
Читать на русском
7 наурызда Теректі ауданының Ақжайық ауылындағы жеке үйдегі еденнің астынан жыландар шыға бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар келгенге дейін үй тұрғыны еден астынан 16 жыланды өз бетінше алып шыққан. Үйде алты адам тұрып жатқан, оның төртеуі – балалар.
Алайда үй тұрғыны еденді ашуға рұқсат бермеді.
Жергілікті атқарушы органдар тұрғындарға уақытша баспана берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2353092-bqo-da-zheke-uidegi-edenning-astynan-16-zhylan-shyqty/