jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Жас батыр": БҚО-да 9 жасар бала батылдық танытып, екі інісін өрттен аман алып қалды

Бейбарыс Тілекбергенге алғыс хат табыстау сәті
Бейбарыс Тілекбергенге алғыс хат табыстау сәті. Фото: t.me/qr_tjm

БҚО Сырым ауданында тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 9 жасар Бейбарыс Тілекберген бауырларын өрттен аман алып қалды. Батылдық танытқан балаға облыстық ТЖД алғыс табыстады, деп жазады ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 9 жасар Бейбарыс Тілекберген өрт кезінде інілерін құтқарып, батылдық танытты.

"Аралтөбе ауылында тұрғын үйлердің бірінде өрт болды, өрт шыққан кезде үйдің ішінде кішкентай балалар болды. Бейбарыс абдырап қалмай, батылдық танытып, екі інісін үйден қауіпсіз жерге шығарды. Оқиға орнына келген өртке қарсы қызмет қызметкерлері шамамен 5 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.

Көрсеткен ерлігі үшін Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Елдос Батталов Бейбарысқа алғыс хат табыс етті. Жас баланың батылдығы мен жедел әрекеті адамдардың өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік берді", - делінген ведомство хабарламасында.

"Жас батыр": БҚО-да 9 жасар бала батылдық танытып, екі інісін өрттен аман алып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.