jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қар, бұрқасын, жел": Қазақстанда 13 наурызда ауа райы бұзылады

Боран
Боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Ертең, 13 наурыз, жұма күніне арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы болжамды "Қазгидромет" РМК жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" РМК-ның болжамына қарағанда, 13 наурызда Астанада көктайғақ болады деп болжанып отыр. Таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде және таңертең секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысы аумағында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында қар аралас жаңбыр жауып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде осы өңірлерде секундына 15-20 метрге дейін жетіп, солтүстік пен шығыста кей тұста екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Күндіз шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және тау бөктері мен таулы аудандарында ара-тұра тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы өңірдің оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аудандарында кейде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел өңірдің солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ұлытау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыс және батыс бағыттан соғатын жел өңірдің солтүстік-шығысында секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.

Абай облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз осы аумақтарда жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы өңірдің батысы, солтүстігі және орталығында 15–20 м/с-қа жетіп, кей жерде екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман түседі. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетіп, екпіні 23 м/с болуы мүмкін.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында қар мен жаңбыр жауып, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел өңірдің батысы, оңтүстігі және шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз осы аумақтарда аздаған жауын-шашын болып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ сақталады. Облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 15-20 м/с-қа жетіп, солтүстік, шығыс және оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Батыс, солтүстік және шығыста тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыс және батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы өңірдің шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысы солтүстігі мен орталығында тұман түседі.

"Қар, бұрқасын, жел": Қазақстанда 13 наурызда ауа райы бұзылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.