jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алатауда жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды

Алатау қаласында жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды
Алатауда жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алатау қаласының тұрғындары үшін №1 және №2 жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Жаңа маршруттар Құйған – Еңбек – Жаңа Арна – Әли – Жаңалық саяжайлары – Байсерке – Жаңа Талап – Жаңа Дәуір – Қоянқұс – Gate City – Өтеген батыр – Еркін ауыл бағыттарын қамтиды. Бұл бағыттар қала мен оған іргелес елдімекендер арасындағы қатынасты жеңілдетіп, тұрғындардың күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасайды.

Қала әкімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрғындардың сұранысын ескере отырып жалғасатынын атап өтті.

"Жаңа маршруттардың іске қосылуы — қала инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Алатау қаласында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Алатауда жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.