jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Польшада жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің мәйіті табылды

марқұм Екатерина Шилова
Марқұм Екатерина Шилова. Фото: facebook.com/susanna.suhoterina

Польшада жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың мәйіті табылды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі оның қаза тапқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екатеринаның қазасы туралы TikTok-тағы "Airan Media" арнасына оның әпкесі хабарлаған. Айтуынша, марқұм кісі қолынан қаза тапқан.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі NUR.KZ тілшісіне Екатеринаның Польша аумағында қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

"Қаза тапқан азаматтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның отбасымен және туыстарымен, сондай-ақ поляк тарапының құзыретті органдарымен байланыста. Барлық консулдық-құқықтық мәселе, соның ішінде денесін елге тасымалдау бойынша қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында", - делінген СІМ жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айындың соңында Александра Гидион әлеуметтік желіде сіңлісі Екатерина Шилованың жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін хабарлап, көмек сұраған болатын.

Екатерина Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған. Алайда сол күйі ұшаққа отырмаған. Польшада ол жұмыс істеп жүрген, қолында ақшасы болған.

Сондай-ақ марқұмның әпкесі Екатеринадан күмән тудыратын хабарлама алғандарын, хабарламаны оның өзі жазбағанына сенімді екендерін айтты.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген СІМ өкілдері Варшавадағы консулдық бөлім жергілікті уәкілетті органдарға ресми нота жолдағанын, Варшаваның бас полиция басқармасы ақпаратты алғандарын растап, істі іздестіру департаментіне жолдағанын мәлімдеген еді.

Польшада жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің мәйіті табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.