jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ІІМ өкілдері референдум қарсаңында Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

ІІМ
ІІМ қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында барша азаматқа үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы ведомстволық Polisia.kz арнасына сілтеме жасап.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов референдум секілді науқан кезінде желіде жалған ақпарат пен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесетінін айтты.

"Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.

Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін.

Көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық екенін еске саламыз. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.

Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз.

Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады", - деп ескертті ІІМ өкілі.

Үндеуде референдум кезінде Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз ететіні айтылған. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады.

"Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер", - деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

ІІМ өкілдері референдум қарсаңында Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.