Демалыс күндері Қазақстанда 15 градусқа дейін жылы болады
Опубликовано:
Синоптиктер 14-16 наурыз аралығында ел аумағында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жылы әрі құрғақ күн райы күтіледі.
Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болып, жел күшеюі және бұрқасын болуы мүмкін.
Республика бойынша тұман түсуі де ықтимал.
Сондай-ақ күндіз ауа температурасы елдің батысы мен оңтүстігінде +3…+15°С-қа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде -2°С-тан +5°С-қа дейін көтеріледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2353479-demalys-kunderi-qazaqstanda-15-gradusqa-deiin-zhyly-bolady/