jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстандықтар көбіне қай елдерге көшіп кетіп жатыр

Әуежай
Әуежай. Иллюстрациялық фото: Jackyenjoyphotography/Getty Images

2025 жылы қазақстандықтар қай елдерге көшкені, сондай-ақ Қазақстанға қай елдерден көшіп келгені белгілі болды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бюроның мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 23 761 адам келген, елден кеткендер саны – 7 608 адам.

Осылайша, елімізде қатарынан үшінші жыл көші-қонның оң сальдосы байқалып отыр.

2024 жылмен салыстырғанда Қазақстаннан кеткендер саны 40,2 пайызға, елге келгендер саны 18,9 пайызға азайған.

Негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүрген. Достастық елдеріне барлық келушінің 81,8 пайызы және кеткендердің 71,8 пайызы тиесілі.

Басқа елдердің ішінде Қытайдан, Моңғолиядан және Германиядан келгендер саны көп болса, ал елден кеткен азаматтар көбіне Германия, Польша және АҚШ-қа көшкен.

Келгендердің басым бөлігі тұрақты тұру үшін Алматы облысын (5 754 адам), Алматы қаласын (4 068 адам) және Маңғыстау облысын (3 562 адам) таңдаған.

Елден кеткендердің көбі Қарағанды облысынан (1 451 адам), Алматы қаласынан (757 адам) және Шығыс Қазақстан облысынан (685 адам) көшіп кеткен.

Шетелден келгендер мен кеткендердің дені – 35-39 жастағы азаматтар.

Елден кеткендер және келгендер арасында техникалық және экономикалық білімі бар адамдар саны басым.

Қазақстандықтар көбіне қай елдерге көшіп кетіп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.