jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Әскери киімдегі жігіт сыраның ақысын төлемеді": Қорғаныс министрлігі желідегі видеоға қатысты түсінік берді

әскери киім киген жігіт
Әскери киім киген жігіт. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Қазақстандықтар желіде "әскери киім киген ер адам дүкеннен бір шөлмек сыраның ақысын төлемей алып кетті" делінген видеоны талқылап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Egov.press арнасында әскери киім киген ер адамның дүкенге кіріп, тоңазытқыштан бір шөлмек сыра алып жатқан сәті түсірілген бейнежазба жарияланды.

"Алматы қаласының Алатау ауданындағы Дарабоз ықшамауданындағы дүкен иесі бейнежазбадағы әскери киім киген ер адамнан бір шөлмек сыраның ақысын төлеуді сұрап жатыр", - делінген жазбада.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді.

"Бұл азаматтың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Ол жоғары оқу орнының студенті және әскери кафедрада оқиды", - делінген жауапта.

Сонымен қатар бейнежазбаны тексеру кезінде ер адамның киген киімінің элементтері Қарулы Күштердің қолданыстағы киім үлгісіне сәйкес келмейтіні анықталған.

Атап айтқанда, киімдерде белгіленген арнайы белгілер жоқ, ал үстіндегі далалық киім ескірген үлгі және қазіргі уақытта Қарулы Күштерде қолданылмайды.

"Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін және процессуалдық шешім қабылдау мақсатында осы оқиға бойынша тергеу жүргізуде.

БАҚ өкілдері мен желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

"Әскери киімдегі жігіт сыраның ақысын төлемеді": Қорғаныс министрлігі желідегі видеоға қатысты түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.