jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Наурыз мейрамы кезінде қосымша электрпойыздар қатынайды

Электрпойыз
Электрпойыз. Фото: t.me/PR_KTZh

Наурыз мейрамы кезінде қосымша электрпойыздар қатынап, кейбір пойыздың құрамы ұлғайтады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мереке күндері келесі бағытта қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:

  • 2026 жылғы 20 және 21 наурыз – №7510 "Астана – Павлодар" электрпойызы;
  • 2026 жылғы 25 наурыз – №7509 "Павлодар – Астана" электрпойызы;
  • 2026 жылғы 25 наурыз – №6803/6804 "Астана – Атбасар" электрпойыздары;
  • 2026 жылғы 25 наурыз – №887/888 "Нұрлы жол – Бурабай курорты" электрпойызы.

Сонымен қатар 2026 жылғы 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 "Қарағанды – Балқаш" жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.

"Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

Наурыз мейрамы кезінде қосымша электрпойыздар қатынайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.