Қарағанды облысында боран салдарынан бес мыңнан аса көлік тас жолда қалған
Опубликовано:
Қарағанды облысында ақтүтек боран салдарынан үш күнде бес мыңнан аса көлік тас жолдарда кептеліп қалды. Бүгін таңертең Қарағанды - Астана бағытындағы трассада қалып, шыдамы таусылған көлік жүргізушілері жолды ашуды талап етті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Боран басылғанына қарамастан, тас жолдың көп бөлігінде 50-ден 100 метрге дейінгі жерді қар басқан. Көлік апаты да сол жерлерде болады. Үш күннен бері трассалар бірде жабылып, бірде ашылып жатыр.
Жолда қалғанның көбі тиеген заттарын уақтылы жеткізе алмаған жүк көліктері. Жанармайы мен ас-ауқаты таусылғандарға еріктілер көмекке келді. Жолдағыларға су, тіскебасар, тіпті ыстық палау да жеткізілді. Бұларға ең қажет шағын газ баллондары да бар.
"Қазавтожол" айтуынша, жол жақын арада қардан толық тазартылады. Сонымен бірге бүгін кешкі сағат 18:30-да "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 92-164 шақырым аралығындағы (Ақмола облысының шекарасы-Теміртау ақы алу пункті) жол ашылатынын хабарлады.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2353746-qaragandy-oblysynda-boran-saldarynan-bes-myngnan-asa-kolik-tas-zholda-qalgan/