jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Сендібе еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Тұман
Тұман. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК елдің бірқатар бөлігі сенбі, 14 наурызда тұманды болатынын, кей өңірлерде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с.

Астанада көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанада тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағандыда тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жезқазғанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 14 наурызда тұман күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 18 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаевта түнде тұман күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 14 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18 м/с.

Сендібе еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.