jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда референдум алдындағы "тыныштық күні" басталды

көшедегі банер
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум баннері. Фото: NUR.KZ

Сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт жұмыстары кезеңі аяқталып, 14 наурызда ресми түрде "тыныштық күні" тәртібі күшіне енді. "Референдум туралы" Заңның 7-бабына сай, осы уақыттан бастап және дауыс беру күні де – 15 наурызда кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, референдумға бір күн қалғанда жаңа Конституция жобасын қолдайтын немесе оған қарсы қандай да бір материалдарды орналастыруға тыйым салынады. Дауыс беру күні де сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік бар. Осы ретте кез келген үгіт-насихат заңға қайшы саналады.

Мәселен, тыныштық күні мен референдум күнінде әлеуметтік желідегі репосттар үгіт-насихат ретінде саналуы мүмкін. Бұл ретте осындай заңсыз әрекетке жол берген жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде әлеуметтік желі қолданушылары жауапқа тартылады. Өз кезегінде, бұрын интернет-ресурстарда орналастырылған үгіт-насихат материалдары, сайттың басты бетіне шығарылмай, бұрынғы орындарында сақталуы қажет. Сондай-ақ референдум күні, өткізу талаптары, дауыс беру тәртібі және басқалары туралы түсіндірме сипаттағы бұрын орналастырылған ақпараттық материалдар, жарнамалық баннерлерді қоса алғанда, бұрынғы орындарында қалуы қажет.

Қазақстанда референдум алдындағы "тыныштық күні" басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.