СІМ: Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды
Опубликовано:
Таяу Шығыс елдерінде қалып қойған Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Қазақстанның СІМ мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство Telegram-арнасында эвакуациялау басталғалы бері елге қайтарылған азаматтардың жалпы санын жариялады.
"Жалпы алғанда Қазақстанға 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы қайтарылды.
Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасының өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетті.
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Отанына қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдарға және шетелдік әріптестерге алғыс білдіреді", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2353815-sim-taiau-shygys-aimagynan-qazaqstan-azamattaryn-evakuatsiialau-aiaqtaldy/