jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Атырауда жоғалған отбасы жөнінде мәлімет таратқан хакер Түркиядан экстрадицияланады

Ер адам компьютермен жұмыс істеп отыр
Компьютер. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында өткен жылы жоғалып кеткен отбасы туралы әлеуметтік желі арқылы тың деректер таратқан хакер Түркияда ұсталды, деп хабарлайды "Қазақпарат".

Прокуратура мәліметінше, полиция департаменті Тергеу басқармасының өндірісінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша бірнеше қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті Ж.Н. түрлі сылтауларды алға тартып, азаматтардың ақшасын иемденген.

"Ол өзін инвестиция салуға мүмкіндік барын айтып, IT саласында оқыту, бұғатталған аккаунттарды ашып беру, қаражатты шығарып алуға көмектесу және техника сату сияқты қызметтерді ұсынып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Осылайша, бірнеше эпизод бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 13,7 млн теңгеден асқан", - деп мәлімдеді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Атырауда жоғалған отбасы жөнінде мәлімет таратқан хакер Түркиядан экстрадицияланады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.