jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Наурыздағы ҰБТ-да семейлік оқушы 140 балл жинады

Ерасыл Сайлауов
Ерасыл Сайлауов. Фото: instagram.com/oqu_agartu_ministrligi

Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов наурыздағы ҰБТ-дан 140 балл жинады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерасыл Сайлауов –Абай облысы Бородулиха ауылының тумасы. Ол қазіргі таңда Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің түлегі.

Ерасыл наурыздағы ҰБТ-да 140 балл жинап, Қазақстан бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Аталған көрсеткіш негізінде ағылшын тілі пәнінен 50 баллдық конвертация жасалды.

Ерасылдың бос уақытының басым бөлігі кітап оқуға және шет тілдерін меңгеруге арналады. Тіл үйренуге деген қызығушылығының нәтижесінде ол 10-сыныпта оқып жүрген кезінде IELTS халықаралық емтиханын тапсырған. Сонымен қатар, волейбол спортымен тұрақты түрде айналысады.

Ерасылдың негізгі мақсаты – нағыз ҰБТ-да дәл осы нәтижені қайталап, 140 балл иегері атану және "Дипломатия" мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантына ие болу.

Наурыздағы ҰБТ-да семейлік оқушы 140 балл жинады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.