jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Полиция қызметкерлері референдумға байланысты күшейтілген қызмет режиміне көшті

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Қазақстан бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері референдумға байланысты күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов ОКҚ алаңында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін ел бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері республикалық референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, басшылық және командалық құрам – тәулік бойы кезекшілік атқарады. Мемлекеттік органдармен бірлесіп референдум учаскелері алдын ала тексерілді. Олардың техникалық қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғанысы қаралды. Барлық учаскелер тәулік бойы бақылауға алынды.

"Полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана кіре алады. Қазіргі уақытта елдегі жағдай – тұрақты, толық бақылауда. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі – азаматтарды заңды сақтауға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады", - деді Шыңғыс Әлекешев.

Полиция қызметкерлері референдумға байланысты күшейтілген қызмет режиміне көшті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.